Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Эльмира Сыздықова Азия чемпионатының қола жүлдесіне қол жеткізді

13.04.2024, 21:21

Финалға шығар белдесуде ол қырғыз балуаны Айпері Медетқызынан жеңілді

Эльмира Сыздықова Азия чемпионатының қола жүлдесіне қол жеткізді
olympic.kz

Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында Эльмира Сыздықова қола жүлдеге ие болды.

Отандасымыз үшінші орын үшін өткен белдесуде үндістандық Приа Приадан басым түсті. Ол іріктеу кезеңдерінде оңтүстіккореялық спортшының ұтып, жартылай финалға шыққан еді. Алайда, финалға шығар сында қырғыз балуаны Айпері Медетқызына жол беріп, қола үшін күресуге мүмкіндік алды.

Сондай-ақ, бүгін Азия чемпионатында 59 келіде белдескен Диана Каюмова да қола жүлдегер атанды.

Ал, 55 келіде Зульфия Яхьянова үшінші орын үшін белдесуде қырғыз балуанына 5:3 есебімен ұтылса, 68 келіде Альбина Қайыргелдинова тағы бір қырғыз спортшысы Гүлнұр Таштанбековаға есе жіберді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам