Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Қазақ балуаны Диана Каюмова Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

13.04.2024, 21:17

Ол финалға шығар жолда моңғол балуанынан жеңілді

Қазақ балуаны Диана Каюмова Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды
olympic.kz

Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында 59 келіде белдескен Диана Каюмова қола жүлдегер атанды.

Ол шешуші белдесуде үндістандық Пушпа Ядайды 11:8 ұпайымен ұтты. Осылайша жерлесіміз сары құрлық біріншілігінің үздік үштігіне еніп отыр.

Диана Каюмова алғашқы белдесуде оңтүстіккореялық балуанмен белдесуі тиіс болған. Алайда, қарсыласының кілемге шықпауына байланысты келесі кезеңге шықты. 

Бірақ, Моңғолия спортшысына жол беріп, финалға шыға алмады. Дегенмен, ол өзіне берілге мүмкіндікті құр жібермей, әйелдер құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салды.

Бұған дейін 55 келіде Зульфия Яхьянова үшінші орын үшін белдесуде қырғыз балуанына 5:3 есебімен ұтылып, жүлдеден тыс қалды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам