Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Елдос Сметов пен Әбиба Абужақынова бастаған қазақ дзюдошылары Азия чемпионатына қатысады

15.04.2024, 10:35

Құрлықтық бәсеке 20-23 сәуірде Гонконгте өтеді

Елдос Сметов пен Әбиба Абужақынова бастаған қазақ дзюдошылары Азия чемпионатына қатысады
olympic.kz

Дзюдодан Қазақстан ұлттық командасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы анықталды. Сары құрлық біріншілігіне ел атынан18 дзюдошы қатысатын болды.

Ерлер құрамасы сапында Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев, Жанарыс Рахметәлі (66 кг), Асқар Нарқұлов, Данияр Шамшаев (73 кг), Абылайхан Жұбаназар (81 кг), Нұрлыхан Шархан (-100 кг), Ерасыл Қажыбаевқа (+100 кг) ұлттық құрама бапкерлері сенім артып отыр.

Сонымен бірге, әйелдер құрамасының қатарында Абиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева (48 кг), Бақыт Құсақбаева (57 кг), Есмигүл Құюлова (63 кг), Екатерина Токарева (70 кг), Аруна Жангелдина, Маргарита Гриценко (-78 кг), Кәмила Берліқаш, Ақерке Рамазанова (+78 кг) татамиге шығады.

Аталған сын 20-23 сәуір күндері Қытайдың Гонконг қаласында дзюдодан Азия чемпионаты өтеді. Азия бәсекесіне 36 елден 300-ге жуық дзюдошы қатысады деп жоспарланып отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам