Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Адалдық кодексін бұзған»: Қазақстандық спорт шенеунігі халықаралық лауазымынан шеттетілді

15.04.2024, 10:40

Ол енді Париждегі Олимпиада ойындарына да қатыса алмайды

«Адалдық кодексін бұзған»: Қазақстандық спорт шенеунігі халықаралық лауазымынан шеттетілді
olympic.kz

Қазақстандық спорт функционері Андрей Крюковке Су спортының дүниежүзілік адалдық кодексін бұзғаны үшін бес айлық дисквалификация берілді.

Aquatics Integrity Unit мәліметінше, Су спорты бойынша адалдық бөлімінің сот органы ҚР Су спорты түрлері федерациясының президенті, Дүниежүзілік су спорты бюросының мүшесі Андрей Крюковті Су спорты түрлері бойынша дүниежүзілік комитеттің 5-бабы – Адалдық кодексін бұзғаны үшін 5 айға қызметінен шеттеткен.

Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің бұрынғы бас хатшысының шеттетілу мерзімі 2024 жылғы 27 наурыздан бастап 2024 жылғы 27 тамызға дейін жарамды.

Шеттету кезінде Крюков Халықаралық су спорты федерациясының (World Aquatics) аясында өтетін ешбір іс-шараға қатыса алмайды. Сонымен қатар Андрей Крюковке кез келген халықаралық жарысқа, соның ішінде Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға да рұқсат етілмейді.

Су спортындағы адалдықты қамтамасыз ету бөлімі – World Aquatics-тің тәуелсіз бөлімшесі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам