Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Грекияда Олимпиада алауы тұтанды (ФОТО)

17.04.2024, 00:42

Төртжылдықтың басты оқиғасы 26 шілдеде басталады

Грекияда Олимпиада алауы тұтанды (ФОТО)
Reuters

Парижде өтетін Олимпиада ойындарының қарсаңында Грекияда Олимпиада алауы тұтанды. Көне дәстүр Ежелгі Олимпия жеріндегі Гера храмының орнында өтті. Дәл осы жерде біздің заманымызға дейінгі 766 жылы алғашқы Олимпиада ойындары басталған. 

27 сәуірде алау Францияға көне «Белем» қайығы арқылы жеткізілмек. Аталған су көлігі 1896 жылы Афины қаласында Олимпиада ойыны басталған сәтте суға жіберілген.

Қайық 8 мамырда Марсель қаласына келіп жетеді. Бұл жерден алау 10 мың адам арқылы Францияның 64 аймағын шарлап шықпақ. Ал, 26 шілдеде Парижге жетіп, төртжылдықтың басты спорттық оқиғасына бастау береді.

Еске салайық, Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 26 шілдеде басталып, 11 тамызда мәресіне жетеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам