Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Юсуф Мациев Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

16.04.2024, 21:28

Грек-рим балуандары 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медальға қол жеткізді

Юсуф Мациев Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
olympic.kz

Бішкекте күрес түрлерінен аяқталған Азия чемпионатының соңғы күнінде қазақстандық балуан Юсуф Мациев күміс жүлдегер атанды. Грек-рим күресінен 97 келіде белдескен отандасымыз шешуші белдесуде Иран балуаны Мұхаммедхади Саравиге жол берді. 

Шешуші белдесуде отандасымыз 9:0 есебімен ұтылды. Осылайша қостанайлық балуан классиктер құрамасына төртінші жүлдені салды. 

Бүгін 60 келіде күрескен Ғалым Қабдунассаров Азия чемпионатында бесінші орынға тұрақтады. Ол қытайлық қарсыласынан 3:7 есебімен ұтылды. Сондай-ақ, 67 келіде Алматбек Аманбек те қола медаль үшін күресте Оңтүстік Корея спортшысына есе жіберді.

Бұған дейін Ержет Жарылқасын 63 келіде Азия чемпионы атанған болатын. Сондай-ақ, 87 келіде Нұрсұлтан Тұрсынов күміс жүлдеге қол жеткізсе, 77 келіде Ибрагим Магомадов үшінші орырнға тұрақтады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам