Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Париж Олимпиадасына Қазақстаннан неше дзюдошы қатысады?

18.04.2024, 14:14

Елдос Сметовтің мүмкіндігі төмен

Париж Олимпиадасына Қазақстаннан неше дзюдошы қатысады?
olympic.kz

Парижде өтетін Олимпиада ойындарына еліміздің атынан қатысатын дзюдошылар анықталатын күн жақын. Қазіргі уақытта әлемдік рейтингте жоғары ұпайы бар қазақстандық 7 дзюдошы Францияда күресу мүмкіндігіне ие.

Бұл ретте ерлер құрамасында – 5, әйелдер командасынан 2 дзюдошының есімін ерекше атауға болады. 

60 келіде Нұрқанат Серікбаев қазіргі таңда әлемдік рейтингте 17-ші орында тұр. Рейтингтің жабылуы бір айдан астам уақыт қалғанын ескерсек, отандасымызда Олимпиадаға қатысу мүмкіндігі жоғары. Әлем бойынша 16 спортшының қатарына кірген дзюдошы бірден төртжылдықтың бас ойындарына жолдама алады. Әрі бұл тізімге бір мемлекеттен бірнеше дзюдошы енген. Ал шарт бойынша әр елдің атынан бір салмақта тек бір спортшы ғана таңдалады. Осы орайда 60 келіде үздік 16 дзюдошының тізіміне енген 4 дзюдошы Олимпиадаға бармайтынын ескерсек, Серікбаев бірден 17-ден 13-орынға көтеріледі. Яғни, оның Париже бару мүмкіндігі өте жоғары.

Бұл ретте 60 келіде қазақ дзюдошылары Мағжан Шамшадин – 22, Елдос Сметов 26-шы орында тұр. Олимпиадаға дейін маңызды рейтингтік екі жарыс қана қалды, сондықтан бұл екі балуанның Парижге бару мүмкіндігі Серікбаевпен салыстырған әзірге төмендеу болып отыр.

66 келі: Ғұсман Қырғызбаев әлемдік рейтингте 19-орынға жайғасты. Олимпиадаға қатысатын тізім бойынша есептегенде ол 14-орынға көтеріледі.

73 келі: Данияр Шамшаев әлемдік рейтингте 13-ші сатыда тұр. Ал Олимпиадалық тізім бойынша есептесек ол тағы 1 орын алға жылжиды.

81 келідегі Абылайхан Жұбаназар рейтинг көрсеткіші бойынша 16-орында тұр.

-100 келіде Нұрлыхан Шархан 17-орында. Дегенмен, Олимпиадалық рейтингте ол тағы екі саты алға жылжиды.

Ал әйелдер құрамасынан -48 келіде Абиба Әбужақынова 4-ші орында келеді. Ол Париж Олимпиадасынан жүлде алу мүмкіндігі өте жоғары спортшылар қатарында.

Сонымен қатар, +78 келіде Кәмила Берліқаш 17-орында тұрғанымен, оның алдында тағы 5 дзюдошы тізімнен шығады, яғни Кәмила Олимпиада рейтингінде 12-ші орынға көтеріледі. Сондықтан, оның Париж олимпиадасына қатысу мүмкіндігі мол.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам