Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Ғұсман Қырғызбаев Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

20.04.2024, 09:53

Елдос Сметов пен Абиба Әбужақынова жарысты жеңіспен бастады

Ғұсман Қырғызбаев Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
fdk.kz

Бүгін Гонгконгта дзюдодан басталған Азия чемпионатында Қазақстан спортшылары жарысты жеңіспен бастады.

66 келіде Татамиге шыққан Ғұсман Қырғызбаев Азия чемпионатындағы бірінші белдесуінде филиппиндік қарсыласын Tai-Otoshi әдісімен иппон ұпайымен ұтты. Ал екінші айналымда қарсыласына ауырту әдісін жасап, кезекті белдесуінде жеңіске жетті. Сонымен қатар, ширек финалда өзбекстандық Сардор Нуриллаевты ұтып, жартылай финалға жолдама алды.

Осы салмақта ел намысын қорғайтын Рахметқали Жанарыс БАӘ елінен Нармандах Баянмухты екі вазаримен ұтып, алға шықты.

48 келіде Абиба Абужақынова түрікменстандық қарсыласына Uchi-Mata әдісін сәтті қолданып, жанкүйерлерін қуантты. Келесі кезеңде жапон дзюдошысынан реванш алып, вазари ұпайымен алға шығып отыр.

60 келіде Нұрқанат Серікбаев бірінші қарсыласын жеңгеннен кейін, өзбекстандық дзюдошыны да сан сондырды. Серікбаев енді Азия чемпионатының үшінші айналымында күреседі.

Елдос Сметов бірінші раундта Солтүстік Корея дзюдошысын вазари ұпайымен Golden Score уақытында ұтып, келесі кезеңге өтті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам