Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Дзюдодан Азия чемпионатында қазақ балуандары бір-бірімен күресіп, екеуі қола медаль алды

20.04.2024, 20:07

Елдос Сметов те, Нұрқатан Серікбай да жеңіліп қалды

Дзюдодан Азия чемпионатында қазақ балуандары бір-бірімен күресіп, екеуі қола медаль алды
olympic.kz

Гонгконгта басталған дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан балуандары екі қола медаль иеленді.

48 келіде күрескен Абиба Әбужақынова үшінші орын үшін белдесуде құрамадағы әріптесі Ғалия Тынбаеваға жол берді. Осылайша әлемдік рейтингте төртінші орында тұрған ол бесінші орынға төмендеді.

Ғалия Тынбаева іріктеу кезеңдерінде Үндістан өкілі Моника Чоудхариді ұтып ширек финалға шыққан болатын. Алайда, жартылай финалға шығар сында оңтүстіккореялық спортшыға жол берді. 

66 келіде Ғұсман Қырғызбаев қола жүлде үшін күресте тағы бір отандасымыз Жанарыс Рахметқалидан жеңілді. Ол іріктеу кезеңдерінде филиппиндік және БАӘ спортшысынан басым түсті. Бірақ ширек финалда жапониялық дзюдошыдан айласын асыра алмады.

Осылайша ұлттық құрама қоржына қос жүлде түсті.

Сондай-ақ, 60 келіде Нұрқанат Серікбай 5-ші, ал Елдос Сметов жетінші орынға жайғасты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам