Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Қазақстан құрамасының 4 балуаны бүгін жолдама үшін шешуші белдесуге шығады

21.04.2024, 13:01

Финалға шыққан балуанның бәріне Олимпиада жолдамасы беріледі

Қазақстан құрамасының 4 балуаны бүгін жолдама үшін шешуші белдесуге шығады
olympic.kz

Бішкекте өтіп жатқан лицензиялық турнирде грек-рим күресінен 4 балуан жартылай финалдық сынға жолдама алды. Егер бұл сында балуандарымыз жеңіске жететін болса, Париж Олимпиадасының жолдамасына иелік етеді.

60 келі: Айдос Сұлтанғали Қытайлық Тайпей балуанымен белдеседі.

67 келі: Мейіржан Шермаханбет Жапония өкілі Куотаро Согабеэмен жолдама үшін күреседі.

77 келі: Демеу Жадыраев жартылай финалда оңтүстіккореялық спортшымен өзара мықтыны анықтайды.

130 келі: Әлімхан Сыздықов қырғыз балуаны Роман Киммен сынға түседі.

97 келіде белдескен Олжас Сырлыбай іріктеу кезеңдерінде жапон спортшы Юри Наказатоға 2:1 ұпайымен ұтылды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам