Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

«Тағы да алтын жоқ»: қазақ дзюдошылары Азия чемпионатының финалына шыға алмады

21.04.2024, 14:17

63 келідегі Есмигүл Куюлова қола жүлдегер атанып отыр

«Тағы да алтын жоқ»: қазақ дзюдошылары Азия чемпионатының финалына шыға алмады
olympic.kz

Қытайдың Гонконг қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде де бірде-бір қазақ балуаны финалға шыға алмады.

Дзюдошылардың арасында 81 келідегі Абылайхан Жұбаназарда мүмкіндік болған. Бірақ ол да жартылай финалда жеңілді.

Абылайхан Азия чемпионатын екінші айналымнан бастап, алдымен Мохит Сехраватты (Үндістан) айқын басымдықпен ұтқан болатын. Ал ширек финалда Бахрейн атынан сынға түсетін Әскерби Гербековтің осал тұсын тапты. Бірақ, жартылай финалда Ханчжоудағы Азия ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының қола жүлдегері Ли Джун-Хваннан (Оңтүстік Корея) қосымша уақытта жеңіліп қалды. 

Енді Жұбаназар қола жүлдеге күреседі.

Сондай-ақ 73 келіде күрескен Асқар Нарқұлов пен Данияр Шамшаев алысқа шаппады. Нарқұлов алғашқы белдесуінде Таиланд атынан сынға түсетін Терада Масаюкидің жауырынын жерге тигізгенімен, екінші айналымында сүрінді. Отандасымыз қосымша уақытта өзбекстандық Муроджон Юлдошевқа әдіс жасауға мүмкіндік беріп қойды.

Шамшаев былтыр Чэндуда өткен Универсиаданың чемпионы, Париждегі Гранд Слэм бәсекесінің (2024 жыл) жеңімпазы Тацуки Исихарадан (Жапония) жеңіліп қалды.

Қыздардан 63 келідегі Есмигүл Куюлова ширек финалда жапониялық Кирари Ямагучиге жол берген. Дегенмен, жұбаныш белдесуде үндістандық спортшыдан айласын асырды. Ал, қола медаль үшін болған белдесуде түрікмен қызын жеңіп, жарысты үшінші орынмен аяқтады.

Сонымен қатар жүлдесіз қалғандардың арасында Екатерина Токарева (70 келі) да бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам