Жаңа подкаст! Қонақта Дастан Оразбеков пен Марат Достаев

Париж Олимпиадасына жолдама алған легионер балуанға Ақтөбе халқы көлік сыйлады

23.04.2024, 09:51

Оның бапкеріне де ақшалай сыйлық берілді

Париж Олимпиадасына жолдама алған легионер балуанға Ақтөбе халқы көлік сыйлады
instagram.com/wrest_aktobe/

Бішкекте күрес түрлерінен аяқталған Азия аймақтық лицензиялық турнирінде Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленген Юсуп Батырмырзаевқа ақтөбеліктер көлік мінгізді.

Еркін күрестен 125 келіде қырғыз астанасында сынға түскен легионер балуан үздік атанып, өзіне жүктелген міндетті орындаған болатын. Осылайша спортшы намысын қорғайтын Ақтөбе облысының жанкүйерлері оны күтіп алып, лайықты құрмет көрсетті.

Бұл ретте Юсуп Батырмырзаевқа автокөлік пен 5 мың АҚШ доллары табысталды. Ал оны жаттықтыратын бапкері Бауыржан Нұрмахановқа да 5 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы берілді.

Юсуп Батырмырзаев бірнеше жылдан бері Қазақстан атынан күреседі. Ол Ресейдің Дағыстан Республикасының тумасы. 2021 жылы Токио Олимпиадасына қатысып, іріктеу кезеңдерінде есе жіберді. Кейін біраз уақыт үзіліс алып, маңызды жарыстардан тыс қалған. Биыл ақпан айында Астанада өткен ел чемпионатында еркін күрестен 125 келіде ел чемпионы атанды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам