Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Қазақстан дзюдошылары командалық жарыста Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

23.04.2024, 16:50

Жапония құрамасы чемпион атанды

Қазақстан дзюдошылары командалық жарыста Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды
Қазақстан дзюдо федерациясы

Дзюдодан Гонконгта аяқталған Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық есепте үшінші орынға ие болды.

Жарыстың соңғы күнінде ұлттық құрама командасы ширек финалда Үндістан құрамасын ұтып, жартылай финалға шыққан еді. Алайда, финалға жолдама беретін бәсекеде отандық дзюдошылар командасы жапондарға есе жіберді.

Осылайша Түркменстан құрамасына қарсы өткен кездесуде спортшыларымыз 4:2 есебімен жеңіске жетіп, командалық сында қола жүлдегер атанды.

  • 1:0 (Екатерина Токарева)
  • 1:1 (Айдар Арапов)
  • 2:1 (Камила Берліқаш)
  • 3:1 (Ерасыл Қажыбаев)
  • 3:2 (Бақыт Құссақбаева)
  • 4:2 (Данияр Шамшаев)

Турнир қорытындысы бойынша Жапония чемпион атанса, Моңғолия құрама күміс жүлдегер атанды. Ал үшінші орынға Қазақстан мен Өзбекстан дзюдошылары тұрақтады.

Бұған дейін жекелей сында әйелдер арасында Ғалия Тынбаева (48 келі) мен Есмигүл Құйылова (63 келі) және ерлерден Жанарыс Рахметқали қола жүлдегер атанды. Ал Абиба Әбужақынова, Нұрқанат Серікбаев, Ғұсман Қырғызбаев, Абылайхан Жұбаназар турнирді бесінші орынмен аяқтаса, Олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері Елдос Сметов 7-ші орынға табан тіреді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам