Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Карьерасын аяқтаған қазақ дзюдошысы татамиге қайта оралатын болды

23.04.2024, 16:33

Соңғы жылдары оның спорттағы нәтижесі нашарлап кеткен

Карьерасын аяқтаған қазақ дзюдошысы татамиге қайта оралатын болды
olympic.kz

Дзюдо күресінен 2018 жылғы Джакартадағы Азия ойындарының жеңімпазы Дидар Хамза былтыр күзде карьерасын аяқтағанын мәлімдеген еді. Бірақ бүгін Қазақстан дзюдо федерациясы 27 жастағы спортшының Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында өтетін Grand Slam турниріне қатысатынын хабарлады.

3-5 мамыр күндері Тәжікстан астанасы Душанбе дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді. Аталған жарыста ел намысын мына балуандар қорғайды:

  • 60 келі: Мағжан Шамшадин, Нұрқанат Серікбаев
  • 66 келі: Еламан Сұлтанбай, Алмас Ғалымов
  • 73 келі: Дастан Шаяхметов, Дархан Қойбағар
  • 81 келі: Абылайхан Жұбаназар
  • 90 келі: Аян Байғазы, Дидар Хамза
  • 100 келі: Ислам Бозбаев, Нұрлыхан Шархан
  • +100 келі: Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев.

Айта кетейік, Дидар Хамза соңғы жылдары көрсеткіші нашар болып, жүлде алмаған соң, спорттан кеткен еді.

«Ұлттық құрамада жүргеніме 11 жыл болыпты. Жасөспірім, жастар, бәрін қосқанда осы уақытқа дейін қолдан келгенше күресіп, мақсатыма жетпесем де, жүлделі орындардан көріндім. Осы уақытқа дейін қолдаған, жанкүйер болған адамдарға алғысым шексіз. Соңғы жарысымда сіздерді қуанта алмағаным үшін кешірім сұраймын! Осымен спорттық мансабымды аяқтаймын!» - деген еді Дидар Хамза.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам