Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Грек-рим күресінен Түркиядағы іріктеу турниріне қатысатын екі балуанның есімі аталды

28.04.2024, 12:28

Әзірге ұлттық құрамада Олимпиадаға төрт жолдама бар

Грек-рим күресінен Түркиядағы іріктеу турниріне қатысатын екі балуанның есімі аталды
olympic.kz

9 мамырда Стамбұлда күрес түрлерінен өтетін олимпиадалық іріктеу турнирінде грек-рим күресінен қатысатын екі балуанның есімі айтылды. Kaz_wrestling телеграм-каналы бапкерлер алдағы сында ел чемпионатында жүлдегер атанған балуандарға сенім артып отырғанын мәлімдеді.

«Біздегі ақпаратқа сәйкес, Стамбұлда өтетін лицензиялық турнирге грек-рим күресінен 67 келіде салмақта Дінмұхаммед Қошқар және 97 келіде Юсуф Мациев қатысады», - деп жазылған дереккөз таратқан ақпаратта.

Париж Олимпиадасына жолдама үлестіретін әлемдік іріктеу бәсекесі 9-12 мамыр күндері аралығында өтеді. Бұл сында еліміздің грек-рим, еркін және әйелдер күресі құрамалары қатысады.

Бұған дейін грек-рим күресі балуандары Бішкекте өткен Азия аймақтық іріктеу турнирінде 3 жолдамаға ие болған еді. Оның ішінде 60 келіде Айдос Сұлтанғали, 77 келіде Демеу Жадыраев,130 келіде Әлімхан Сыздықов өз мүмкіндігін мүлт жібермеді. Ал 67 келіде Мейіржан Шермаханбет шешуші сәтте жапон балуанынан ұтылып қалса, 97 келіде Олжас Сырлыбай іріктеу кезеңінде жығылды.

Сондай-ақ, 2023 жылы әлем чемпионатында Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) жолдама алған болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам