Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Стамбұлда жолдама үшін күресетін әйелдер құрамасына кімдер енді?

29.04.2024, 15:48

Жәмилә Бақберген тізімнен тыс қалды

Стамбұлда жолдама үшін күресетін әйелдер құрамасына кімдер енді?
olympic.kz

Күрес түрлерінен Стамбұлда Париж Олимпиадасына жолдама беретін турнирге қатысатын әйелдер құрамасының балуандары анықталды. Бас бапкердің бекітуімен  Түркиядағы турнирде ұлттық құраманың 6 бұрымды балуаны белдеседі. Олардың қатарында Рио Олимпиадасының жүлдегері Эльмира Сыздықова да бар.

  • 50 келі: Лаура Ғаниқызы
  • 53 келі: Марина Седнева
  • 57 келі: Лаура Алмағанбетова
  • 62 келі: Ирина Кузнецова
  • 68 келі: Елена Шалыгина
  • 76 келі: Эльмира Сыздықова

19-21 сәуір күндері Бішкекте өткен іріктеу турниріне қатысқан 6 балуан жолдамаға қол жеткізе алмады. Олардың арасынан тек 50 кеілде белдескен Лаура Ғаниқызына қайтадан мүмкіндік беріліп отыр. Ол Қырғызстан астанасында шешуші белдесуде есе жіберген болатын.

Олимпиадаға соңғы іріктеу турнирі 9-12 мамыр күндері аралығында өтеді. Бұған дейін бұл сында белдесетін грек-рим және еркін күрес балуандары анықталған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам