Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Душанбеге күресуге келген Тедди Ринерге тәжіктер шапан жапты

02.05.2024, 16:59

Ол жуырда Алматыға келіп жаттығу жасаған болатын

Душанбеге күресуге келген Тедди Ринерге тәжіктер шапан жапты
Фото ашық дереккөзден

Тәжікстанда 3-5 мамыр күндері өтетін DUSHANBE GRAND SLAM турниріне қатысуға келген франциялық әйгілі дзюдошы Тедди Ринерге және жапониялық Оно Сохэйге жергілікті тұрғындар құрмет көрсетті.

Бейресми кездесу барысында әлемдік дзюдоның көрнекті өкілдері Тедди мен Оноға жергілік басшылық шапан жапты. Салтанатты рәсімде дзюдодан Тәжікстанның Олимпиадада тұңғыш жүлде алған балуаны Расул Бокиев те қатысқан.

Жапония мен Франция спортшылары кездесуде тәжіктің шапанын желбегей жамылып, көрсетілген сый-құрметке риза екенін білдірді.

Бүгінде Тедди Ринер спорттық мансабын жалғастырып, алда Париж Олимпиадасында күреседі. Ол маңызды жарыс алдындағы соңғы турнирлерінің бірі ретінде DUSHANBE GRAND SLAM турнирінде күреспек.

Ал жапон Оно Сохэй Токио Олимпиадасынан кейін спорттық мансабын аяқтаған болатын. Ол бүгінде әлем бойынша дзюдодан шеберлік сағаттарын өткізіп жүр.

Айта кететін жайт, 8-9 мамыр күні Оно Сохэй Қарағандыда жас дзюдошылармен кездесу үшін арнайы келмек.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам