Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Қазақстан шорт-трекшілері Канадада өткен турнирде қола жүлдеге ие болды

06.11.2023, 17:35

Бұл додаға Еуропа елдерінің спортшылары қатыспады

Қазақстан шорт-трекшілері Канадада өткен турнирде қола жүлдеге ие болды
Фото ашық дереккөзден

Канадада шорт-тректен өткен төрт құрлық чемпионатына қатысқан еліміздің әйелдер құрамасы қола жүлде иегері атанды. 

Лаваль қаласында жалауы желбіреген айтулы жарыста 3 мың метрлік эстафета аталымында отандастарымыз 4:16.200 нәтижесін көрсетіп, үшінші орынға ие болып отыр. Ұлттық құрама сапында Мәлика Ермек, Алина Әжіғалиева, Мәдина Жанбосынова, Ольга Тихонова және Яна Хан өнер көрсетті.

Аталған сында Канада спортшылары үздік деп танылса, екінші орын Оңтүстік Корея спортшыларының еншісіне жазылды. 

Айта кететін бір жайт, бұл додаға Еуропа елдерінің спортшылары қатыспады.

Солтүстік Америка құрлығында өткен қысқы спорт додасында Аргентина, Аустралия, Канада, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия, АҚШ және Қазақстан шорт-трек шеберлері бақ сынаған.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам