Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Әлемнің ең даңқты балуаны Джордан Барроуз Таразға келіп, жылқының етін жеді

06.11.2023, 17:27

Ол қазақ балуандарының әлеуетін жоғары бағалап отыр

Әлемнің ең даңқты балуаны Джордан Барроуз Таразға келіп, жылқының етін жеді
Instagram: wrestling_team.kz

Таразда еркін күрестен Д.Қонаевты еске алуға арналған халықаралық рейтингтік турнирде 74 келіде топ жарған Олимпиада чемпионы, америкалық Джордан Барроуз жылқы етінен дайындалған ұлттық тағам ерекше ұнағанын атады.

Sportarena.kz порталына берген сұхбатында АҚШ балуаны Таразда ұлттық асхана мәзірімен танысып, жылқы етін жегенін жасырмады. 

«Бұған дейін Астанада болсам, бұл жолы Таразға келіп отырмын. Ұлттық асханада болып, жылқы етінен дәм таттым. Өте дәмді екенін байқадым. Тараз табиғаты мені тәнті етті. Халқы өте қонақжай, көшеде көргеннің көбі маған назар аударып, танығандары келіп суретке түсіп жатты. Бұл жақта күрес түрлері өте танымал екенін бірден байқауға болады», - деді Джордан Барроуз.

Еркін күрестен соңғы он жылдан астам уақытта жоғары жетістікке жеткен АҚШ спортшысы Қазақстан балуандары туралы пікір білдірді. 

«Ірі есеппен ұтылғанына қарамастан финалда күрескен Талғат Сырбаз менің есімде ерекше қалды. Ол жас балуан әрі өте шапшаң, күші мол спортшы. Маған бастапқыда 4 ұпайға ұтылып жатқандықтан тезірек жиналып, тактиканы өзгертуге тура келді. 74 келіде Нұрқожа Қайпанов пен Данияр Қайсановпен салыстырғанда Талғат Сырбаз жастау әрі бұл салмақта тәжірибесі әлі толыспаған. Ал алғашқы қос балуан олар басқа деңгейдегі атлеттер. Әрі мен олармен халықаралық жарыстарда бірнеше рет күрестім. Қазақстандық балуандар арасында Ақжүрек Таңатаров, Азамат Дәулетбековті білемін. Токиода жүлде иеленген Нұрислам Санаев та жақсы күресе алды», - деді ол. 

Лондон Олимпиадасының чемпионы Таразда өз әлеуетін толық көрсеткеніне риза екенін айта келе, қазақстандық қарсыластарының да күресіне жоғары баға берген.

«Соңғы үш жылда мен олимпиадалық салмақта күреспедім. Париж Олимпиадасының алдында бұл кезеңдік жарыста күрес мен үшін аса маңызды. Осы тұрғыдан келгенде мен өзіме жүктелген міндетті орындадым. Жақсы күресіп қана қоймай 74 келі салмақты сезіне алдым. Тіпті, салмақ қуу да жеңіл өтті. Таразға жарыс басталардан бірнеше күн бұрын келіп, жергілікті климатқа бейімделе алдым», - деді Д.Барроуз жарыстан кейін берген сұхбатында.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам