Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Еліміздің ең жас автопилоты жол апатынан қаза тапты

07.05.2024, 16:54

Ол Павлодар қаласының тұрғыны еді

Еліміздің ең жас автопилоты жол апатынан қаза тапты
СТК Sokol

Қазақстандағы ең жас автопилот саналған Анатолий Кин 16 жасында жол апатынан қаза тапты. Ол әкесімен бірге Алматыдан Павлодарға үйіне қайтып келе жатқан.

Қаралы ақпаратты СТК Sokol автодром өкілдері таратты.

«Павлодарға барар жолда болған жол апаты бәріміз үшін үлкен трагедияға айналды. Онда біздің чемпионаттың ең талантты әрі ең жас пилоты қаза тапты», - деп жазылған аталған ақпаратта.

Александр Кин өткен аптада Алматыда болған street-drift жарысына қатысқан екен. Бұл туралы жасөспірімнің өзі әлеуметтік желіде фотосурет жариялаған.

Марқұм өз жастығына қарамастан жазғы және қысқы автожарыстарда бірнеше рет ел чемпионы атанған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам