Қазір Ресей – Украинада, Израиль – Палестинада соғыс жүргізіп жатыр
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Францияға жасаған сапарында Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарында соғысты жаһандық деңгейде тоқтату үшін Франциямен жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді.
Парижде өткен баспасөз мәслихатында Си Цзиньпин Қытай Украинадағы бейбітшілікке қол жеткізуде белсенді рөл атқарып отырғанын айтты.
«Бүгінде әлемнен тыныштық кетті. Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі және жауапты ірі ел ретінде Қытай Париждегі Олимпиада ойындары кезінде жаһандық атысты және соғысты тоқтату мүмкіндігін пайдалану үшін Франциямен жұмыс істеуге дайын», - деді Си Цзиньпин.
Қытай төрағасының ойы Франция президенті Макронның бір жерден шықты.
Айта кетейік, Париждегі Олимпиада ойындары осы жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді.