Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Лицензиялық турнир: Стамбұлда күресетін қазақ балуандарының қарсыластары анықталды

09.05.2024, 11:20

Әйелдер күресінен Қазақстанда бірде-бір жолдама жоқ

Лицензиялық турнир: Стамбұлда күресетін қазақ балуандарының қарсыластары анықталды
olympic.kz

Стамбұлда күрес түрлерінен бүкіләлемдік лицензиялық турнирінің жеребесі тартылып, Қазақстан ұлттық құрамасы балуандарының қарсыласын белгілі болды.

9-12 мамыр күндері аралығында Түркияда өтетін маңызды турнирде Париж Олимпиадасының 54 жолдамасы сарапқа салынады.

Грек-рим күресінің балуандары бұл сында 2 жолдама үшін күреседі. 65 келіде Дінмұхаммед Қошқар 1/16 финалда өзбекстандық Махмуд Бакшилловпен белдеседі. Отандасымыздың қарсыласы 2020 жылғы Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болған. Ал, 97 келіде Юсуф Мациев 1/16 финалда германиялық Лукас Лазогианиспен сынға түседі. Неміс балуаны 2023 жығы 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған.

Еркін күрес балуандары 11-12 мамыр күндері бозкілемге шығады. Қазақстан құрамасынан 57 келі Рахат Қалжанов 1/16 финалда түрікменстандық Кабе Матжановпен шеберлік байқаспақ.

Ал, 65 келі Адлан Асқаров 1/16 финалда Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, неміс спортшысы Андре Кларкқа қарсы қауқарын тексеріп көреді.

74 келіде екінші рет лицензиялық турнирде белдесетін Нұрқожа Қайпанов іріктеу кезеңінде Тәжікстан атынан күресетін ресейлік балуан Виктор Расадинмен белдеспек. Расадин биыл Қырғызстанда өткен Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болған.

Стамбұл турнирінде әйелдер 10-11 мамыр күндері сынға түседі. Қазақстан балуандары әйелдер күресінен әзірге жолдама иеленген жоқ.

50 келіде Лаура Ғаниқызы 1/16 финалда қытайлық Тайбэй өкілі Тхи Сюань Нгуенмен күреседі.

53 келіде Мария Седнева мексикалық Зелтин Эрнандес Гуеррамен кездеседі. Аталған спортшы Панамерика ойындарында күміс жүлдегер атанған.

57 келіде Лаура Алмағанбетова 1/16 финалда оңтүстіккореялық Йонгжин Квонға қарсы өз әлеуетін тексереді.

62 келіде Ирина Кузнецова алғашқы айналымда бос. Оның қарсыласы екінші айналымда белгілі болады.

68 келіде Елена Шалыгина күресетін болды. Бішкекте жолдамасыз қалған ол бірнеше белдесуде жеңілген еді. Енді ол Стамбұлда жарысты 1/8 финалдан бастайды. Алайда оның қарсыласы алғашқы айналымнан соң белгілі болмақ.

76 келіде Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова 1/16 финалда эстониялық Эпп Мяэға қарсы күреседі. Эстон балуаны бұған дейін әлем чемпионаттарында 4 рет жүлдегерлер қатарына қосылған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам