Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Елдос Сметов Астанадағы турнирде жеңіліп қалды

10.05.2024, 14:56

Ол енді үшінші орын үшін күреседі

Елдос Сметов Астанадағы турнирде жеңіліп қалды
olympic.kz

Астанада өтіп жатқан QAZAQSTAN BARYSY GRAND SLAM турнирінде Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов Ресей дзюдошысынан жеңіліп қалды.

Ширек финалда Сметов Рамазан Абдуллаевпен белдескен болатын. Балуандар негізгі уақытта жеңімпазды анықтай алмай, «golden score» кезеңінде (қосымша уақыт) ресейліктің мерейі үстем болды.

Енді Елдос Сметов жұбаныш белдесуінде бағын сынайды. Егер жеңіп жатса жарыстың қола медалі үшін тағы күреседі.

Айта кетейік, Сметов алғашқы айналымда португалиялық Родриго Коста Лопесті «иппон» әдісімен ұтқан еді. 1/8 финалда марокколық Юнесс Саддикиден басым түсті.

Бұған дейін Қазақстан дзюдо федерациясының хатшысы Асхат Житкеев айтқандай, Елдостың Олимпиада ойындарына бару мүмкіндігі өте төмен. Егер бүгінгі жарыста чемпион атанса ол Парижге баруға мүмкіндік алатын еді. Енді әлемдік рейтингте жинаған ұпайы жетпесе ол жастарға жол береді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам