Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Стамбұл лицензиялық турнирді Седнева жеңіспен бастап, Ғаниқызы осалдық танытты

10.05.2024, 15:52

Тағы төрт балуан қызымыз жарыс жолына енді шығады

Стамбұл лицензиялық турнирді Седнева жеңіспен бастап, Ғаниқызы осалдық танытты
olympic.kz

Cтамбұлда күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық турнирдің екінші күнінде әйелдер құрамасы сынға түсіп жатыр.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен Лаура Ғаниқызы 50 келіде өз мүмкіндігін мүлт жіберді. Ол бірінші кездесуінде Қытайлық Тайпей спортшысынан 5:0 есебімен ұтылды. Енді оның қарсыласы финалға шыққан жағдайда ғана жұбаныш белдесуі арқылы Олимпиада жолдамасын иеленуге мүмкіндігі бар.

Ал 53 келіде Мария Седнева жарысты жеңіспен бастады. Ол бірінші айналымда Мексика балуаны Зелцин Хернандесті қапы қалдырды. Енді екінші айналымда Польша балуанымен ширек финалдың жолдамасын сарапқа салады.

Бұдан бөлек, ұлттық құраманың 57, 62, 68, 76 келідегі спортшылары лицензия үшін белдеседі. Олардың қатарында Бішкекте өткен Азия аймақтық жарысында жолдамадан тыс қалған легионер Елена Шалыгина да бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам