Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Дінмұхамед Қошқар Олимпиада жолдамасы үшін соңғы мүмкіндігінде ойсырай ұтылды

10.05.2024, 23:41

Бар үміт еркін күрес балуандарында

Дінмұхамед Қошқар Олимпиада жолдамасы үшін соңғы мүмкіндігінде ойсырай ұтылды
olympic.kz

Стамбұлда күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық турнирде еліміздің классик балуандары Олимпиаданың бірде-бір жолдамасын ала алмады.

67 келіде жұбаныш белдесулерінің барлығында жеңіске жетіп, соңынан жолдама үшін күресуге мүмкіндік алған Дінмұхамед Қошқар өз мүмкіндігін мүлт жіберді. Ол Мысыр балуаны Мұхамед Ибраһиммен болған кездесудің алғашқы кезеңінде 8:0 есебімен оңбай ұтылып, жолдаманы уысынан шығарып алды.

Бұған дейін 97 келіде белдескен Юсуп Мациев алғашқы айналымда неміс балуанынан ұтылып, жарысты аяқтаған еді.

Сондай-ақ, еліміздің әйелдер құрамасының алты балуаны тегіс жеңіліп, Олимпиада лицензиясынан құр қалды. Енді еркін күрестен 57, 65, 74 келіде балуандар жарыс жолына шығады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам