Біздің Telegram-ға жазылсаң, ақша ұта аласың! Сыйақы 5000 теңге! 👉

Астанадағы Гранд Слэмде күрескен дзюдошылар финалға шыға алмады

11.05.2024, 15:57

Жарыс жолына кеше шыққан балуандар 1 алтын мен 1 қола медаль жеңіп алған еді

Астанадағы Гранд Слэмде күрескен дзюдошылар финалға шыға алмады
olympic.kz

Астанада дзюдодан өтіп жатқан QAZAQSTAN BARYSY GRAND SLAM турнирінде күрескен балуандарымыздың үшеуі қола жүлде үшін сынға түседі. Қалғандары жеңіліп қалды.

Айтулы турнирдің екінші жарыс күнінде татамиге шыққан балуандарымыздың арасында 73 келіде Бақытжан Әбдірахманов жартылай финалға дейін жетті. Алайда, ол финалға шығар жолда ресейлік Данил Лаврентевке есе жіберді. Енді ол үшінші орын үшін ирландиялық Джошуа Гринмен сынға түседі.

Бұдан бөлек, Данияр Шамшаев, Дастан Шаяхметов, Дархан Қойбағар іріктеу кезеңдерінде есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.

81 келіде Абылайхан Жұбаназар да қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. Ол ширек финалға дейін жетіп, жартылай финалға шығар белдесуде жапон спортшысына есе жіберді. Алайда, жұбаныш белдесуінде Олимпиада чемпионы Хасан Халмурзаевты ұтты. Енді ол қола жүлде үшін Швейцария өкілімен белдеседі.

Бұл салмақта Руслан Мұсаев, Жалғас Қайролла, Мәди Амангелді сынды балуандар іріктеу кезеңдерінде сүрініп, жүлдеден тыс қалды.

Әйелдер арасында 70 келіде Екатерина Токарева қола үшін күреседі. Ол ширек финалда есе жіберді. Енді қола медаль үшін Ұлыбритания спортшысымен өзара мықтыны анықтамақ. Өкінішке қарай, Анастасия Морозова, Анастасия Маякова жеңіліп қалды.

63 келіде Есмигүл Құйылова мен Кристина Сотникова, Самалай Ерғалиева, Зарина Сарипова жарысты ерте аяқтады.

Бұған дейін Астанада турнирінде әйелдер арасында Ғалия Тынбаева чемпион атанса, ерлерден Елдос Сметов қола медальға қол жеткізді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам