Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Лицензиялық турнир: еркін күрес балуандары жолдамасыз қалды

12.05.2024, 19:51

Қазақстан Париж Олимпиадасында әйелдер күресіне қатыспайды

Лицензиялық турнир: еркін күрес балуандары жолдамасыз қалды
Фото ашық дереккөзден

Стамбұлда күрес түрлерінен өтіп жатқан бүкіләлемдік лицензиялық турнирде еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының балуандары жеңіліп, жолдамаға ие бола алмады.

Атап айтқанда, 65 келіде Рахат Қалжан Қытай балуанына 8:6 есебімен жол берді. Егер жеңген жағдайда жолдама үшін тағы қосымша бір белдесуге шығуы тиіс еді. Алайда, ол сенімді мүлдем ақтамады.

Кеше Рахат Қалжан жартылай финалға дейін жеткен болатын. Алайда, ол жолдама үшін өткен сында АҚШ балуаны Спенсер Лиден 10:0 есебімен ұтылып қалды.

Ал 65 келіде Адлан Асқаров жұбаныш белдесуінде ресейлік спортшыға жол беріп, мүмкіндігінен айырылды.

74 келіде Нұрқожа Қайпанов Албания өкілі Чермен Валиевпен кездесуде 4:3 ұпайымен ұтылып, бесінші орынға тұрақтады. Осылайша Қайпанов та жолдамасыз қалып отыр. Егер жеңіске жеткен жағдайда түріктің балуаны Сонер Демирташпен күресуі тиіс болған.

Отандасымыз кеше іріктеу кезеңінде тәжік балуаны Виктор Расадинге жол берген еді. Алайда, Расадин финалға шығуына байланысты Қайпанов жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды. Бұл ретте ол украиналық Вадим Цурканды, екінші белдесуде Франция балуаны Зелимхан Хаджиевтен басым түскен-тін.

Бұған дейін грек-рим күресінің 67 және 97 келіде белдескен балуандары да Түркияда жолдама үшін күресте жеңіліп қалды. Ал, Қазақстан әйелдер құрамасының 6 балуанының ешқайсысы үмітті ақтай алмады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам