Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Светлана Подобедова ауыр атлетикадан кейінгі өмірінің қалай өзгергенін айтты

14.05.2024, 23:07

Ол Қорғалжынға келін болып түскен

Светлана Подобедова ауыр атлетикадан кейінгі өмірінің қалай өзгергенін айтты
instagram.com/svetlanapodobedova/

Лондон Олимпиадасында чемпион атанып, артынан допинг дауына байланысты нәтижесі жойылған Светлана Подопедова үлкен спортты аяқтағаннан кейін басталған өмірі жайлы жазба жариялады.

Ол қазіргі уақытта Астанада фитнес бапкері болып еңбек етіп жүр. Жеке топ бойынша әйелдерді жаттықтаратын танымал спортшы осылайша жаңа кезеңді бастағанына біраз уақыт болғанын жеткізді.

«Салмағым бір қалыппен азайып келеді. Ары қарай жаттығу жасаймын. Тек өзім үшін жаттығып жүрмін. Ешқандай жарысқа қатысуды көздеп жүргенім жоқ. 38 жаста үлкен спортта болу мен үшін мұрыннан шаншылу ғана. Фитнес менің өмірімнің бір бөлігіне айналды. Мұнда дененің әр бөлігін сезінуге мүмкіндік бар», - деді Светлана Подопедова.

Ол адамдардың артық салмақтан арылуы үшін қандай қағидаларды қатаң сақтауы тиіс екенін де жазды.

«Егер сіздің мақсатыңыз арықтау болса, тек залға барумен шектелмей ары қарай жаттығу керек. Жаттығу! Физикалық мүмкіндігіңізді пайдаланып жаттыққан дұрыс. Ең бастысы, тамақтану жағын дұрыстау қажет. Тамақтану мен спорт арқылы бір айда арықтап кетпейсіз, ол сіздің өмір сүру салтыңызға айналуы тиіс», - дейді ауыратлет.

Сондай-ақ, ол үйдегі әр күнінің қалай басталатыны туралы да айтты. Ауыр атлеттің күйеуі ережесіз жекпе-жек шебері. Бүгінде елордада ММА спорты бойынша белгілі жаттықтырушы.

Кезінде Ресейден Қазақстанға легионер болып келген спортшы бүгінде елімізге біржола қалуды ұйғарған. 

Ақмола облысының Қорғалжын ауданына келін болып түскен ол жұбаймен бірге бір ұл тәрбиелеп отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам