Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Қытайдағы қазақ балуаны Олимпиадаға жолдама алды

14.05.2024, 23:32

Ол шешуші белдесуде өзбек балуанын жеңген

Қытайдағы қазақ балуаны Олимпиадаға жолдама алды
vk.com/sportwithoutborders

Қытайдағы қазақ балуаны Әбусайман Хабила Стамбұлда (Түркия) өткен соңғы әлемдік лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасына жолдама иеленді деп жазады Nur.kz.

Еркін күрестен 97 келі салмақта бақ сынаған Әбусайман Хабила жолдама үшін белдесуде өзбекстандық балуан Магомед Ибрагимовты 2:1 есебімен жеңді. 

Еске салайық, Әбусайман Бішкекте (Қырғызстан) өткен лицензиялық жарыстың жартылай финалында қазақстандық балуан Әлішер Ерғалимен күрескен еді. Бұл бәсекеде Әлішер 3:1 есебімен ұтып, Олимпиада жолдамасын еншілеген болатын. 

Стамбұлдағы турнирге қазақстандық балуандар да қатысты. Бірақ олар бірде-бір лицензия иелене алмады. 

Қазір Қазақстан қоржынында күрес түрлерінен Олимпиаданың 7 жолдамасы бар: грек-рим күресі – 4, еркін күрес – 3. Ал күрестен Қазақстан әйелдер құрамасы тарихта алғаш рет Олимпиада ойындарына қатыспайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам