Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Кипрде жігітінен оңбай таяқ жеген қазақстандық волейболшы қазіргі жағдайын айтты

16.05.2024, 18:21

Ол өз өміріне қауіп төніп тұрғанын айтқан болатын

Кипрде жігітінен оңбай таяқ жеген қазақстандық волейболшы қазіргі жағдайын айтты
Фото ашық дереккөзден

Қазақстан бұрынғы волейболшы Кристина Карапетян Tengri Sport-қа қоғамды дүрсілкіндірген жағдайдан кейінгі өмірі жайлы айтты.

Наурыз айында 31 жастағы спортшы Кипрде шетелдік жігіті соққыға жыққанын мәлімдеген болатын.

«Екеуара кикілжің 17 наурыз күні – Лимасол қаласындағы карнавалды тойлау кезінде туындады. Грек тілінде балағат сөз айтып қалдым, бірақ бұл сөздің оған қатысы жоқ еді, неге екенін білмеймін, «сен менің анамды боқтадың» деп шықты. Біріншіден, сенің анаңды қалай құрметтейтінімді және жақсы көретінімді білесің. Екіншіден, рульге отырғанда не ашуланғанда өзің де осы сөзді айтасың ғой, мен саған ештеңе деген емеспін» дедім. Сонан соң маған «фак оф» деді, мен бұрылдым да кетіп бара жатқанмын, ал оның заттарын жол маңына қоя салдым. Ол артымнан қуып жетті де, қылқындырып, желкеммен қабырғаға ұра бастады. Қашып кетпек болдым. Бір қыз жүгіріп келіп полиция шақыратынын айтты. Ол сол кезде барып босатты. Екеуміз екі жаққа кетіп қалдық. Соның отбасымен бірге тұратын үйге қарай жүгірдім, келсем ол менің заттарым салынған қапшықты қоқысқа тастауға бара жатыр екен. Екінші қабатқа көтеріліп, қалған заттарымды жинап алайын дедім. Мысығымды да алып кеткім келді. Ол да менің соңымнан көтеріліп, макбугімді сындыра бастады, екеуміз ұрыстық. Сол сәтте ол мені бір ұрды, есімді жисам еденде жатыр екенмін, көзім ашылмай қалды. Оның анасы бәрін көріп тұрды, мұз алып келді. Кетпек болғанда ол көзімнің көгергені басылғанша қалуымды өтінді. Келіспедім. Кипрдегі жалғыз құрбыма хабарласып, ұшқанша сонда бола тұрдым», - деді бойжеткен.

Оның сөзіне қарағанда, Кипр полициясы іс қозғауға себеп таппаған.

«20-на дейін телефонмен сөйлесіп жүрдік. Өзімді қалай ұстау керектігін білмедім. Бір жағынан қорқыныш, екінші жағынан сезім болды. Бірақ 20 наурыз күні оны материалдық тұрғыда жазалау үшін полицияға арызданатынымды айттым. Ол өмірімнің күл-талқанын шығаратынын айтты да бұғаттап тастады. Полицияға бардым. Ол жақтағылар егер сотқа келмесем, онда істі қозғаудан еш нәтиже жоқ екенін алға тартты. Себебі мен ертеңіне кетуім керек еді. Полиция онымен сөйлесетінін айтып шығарып салды. Бірақ маған бір жағдай бола қалса, бірден оны іздеп табатынын тілге тиек етті», - деді Кристина.

Осы жайттан соң Кристина Карапетян Қазақстанға оралған. Ал, ауыр соққы алған көзіне операция жасатыпты. Жігітенен еш хабар жоқ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам