Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Қазақстан каратешілері Азия чемпионатында 24 медаль иеленді

09.11.2023, 10:53

Жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтадық

Қазақстан каратешілері Азия чемпионатында 24 медаль иеленді
Фото ашық дереккөзден

Алматыда WKF каратеден жасөспірімдер мен жастар арасындағы XXI Азия чемпионаты аяқталды. Сары құрлықтың отызға жуық мемлекетінен 600 каратеші қатысқан сында отандастарымыз 24 медаль иеленді.

Табысты өнер көрсеткен Қазақстан құрамасының атлеттері 8 алтын, 5 күміс және 11 қола медаль еншілеп, жалпы есепте екінші орынға тұрақтады. Ал, Жапония каратешілері 14 алтын, 5 күміс, 4 қола медальмен көш бастап отыр. Алғашқы үштікке Иран спортшылары 5 алтын, 6 күміс, 11 қоламен енді.

Кумите бағдарламасында Диас Анарбеков (84 кг), Биғабыл Жоламан (55 кг), Ақниет Шеризат (50 кг) пен Бэлла Шамашева (55 кг) алтыннан алқа тағып отыр. Сондай-ақ, Асқар Сапарғалиев (87 кг) пен Даяна Даренская (68 кг) финалда есе жіберіп, күміс жүлде еншіледі. Ал Никита Тарнакин (84 кг), Николь Ценгель (61 кг) және Венера Жақсыбаева (68 келіден жоғары) қолаға қол жеткізіп отыр.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам