Кілемшені ол спорт басқармасының басшысына сыйлаған
Батыс Қазақстан облысының орталығында танымал йога инструкторы Маргарита Булдакованы соттап жатыр. Оған мемлекеттік қызметтегі азаматқа сыйлық берді деген айып тағылған деп жазады «Азаттық».
Биыл жазда қала тұрғындары Йога күнін атап өткен екен. Сол мерекеде Булдакова спорт басқармасының басшысына йогаға арналған кілемше сыйлапты. Ал, арада төрт ай өткеннен кейін спортшының үйіне антикор келген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Маргарита Булдаковаға 690 мың теңге айыппұл салған. Алайда, йога инструкторы бұл қаражатты мемлекет есебіне төлеуден бас тартыпты. Содан соң іс сотқа өткен.
Ал, кілемшені алған шенеунік болса қазір бұл қызметте жұмыс істемейді.