Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Мағжан Шамшадиннің орнына әлем чемпионатына барған дзюдошы жеңіліп қалды

19.05.2024, 16:05

Ғалия Тынбаева да екінші айналымнан аса алған жоқ

Мағжан Шамшадиннің орнына әлем чемпионатына барған дзюдошы жеңіліп қалды
olympic.kz

БАӘ астанасы Абу-Дабиде басталған дзюдодан әлем чемпионатында екі қазақ балуаны жеңіліп қалды.

60 келі салмақ дәрежесінде жарыс жолына шыққан Нұрқанат Серікбаев 1/8 финалда Оңтүстік Корея елінің өкілі Ли Ха Римнен тартысты өткен белдесуде жеңілді.

Айта кетейік, бапкерлер штабы әлем чемпионатына Мағжан Шамшадинді апармай тастап кеткен болатын. Оның орнына 60 келіде белдесуге Нұрқанат Серікбаев пен Елдос Сметов мүмкіндік алған еді. Мағжанның бапкері артынша сұхбат беріп, шәкіртіне қиянат жасалғанын айтта.

Сондай-ақ, бастапқы бәсекелердің бірінде 48 келіде күрескен Ғалия Тынбаева да жеңілді. Ол испаниялық Лаура Мартинес Абелендадан Waza-Ari ұпайымен ұтылды.

Ал Абиба Әбужақынова жартылай финалда белдеседі. Оның келесі қарсыласы – моңғол балуаны.

Сондай-ақ, Елдос Сметов ширек финалда күреседі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам