Жаңа шығарылым! Қонақта Есен Елеукен ағамыз! EURO-2024

Абиба Әбужақынова әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері атанды

19.05.2024, 19:38

Ол сондай-ақ, әлемдік рейтингте 1000 ұпай иеленді

Абиба Әбужақынова әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері атанды
Спортты дамыту дирекциясы

Дзюдодан Абу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан Абиба Әбужақынова 48 келіде қола жүлдегер атанды деп хабарлайды 1bol.kz тілшісі.

Спортшы үшінші үшін белдесуде түрік қызы Тугше Бедердің осал тұсын тапты. Сөйтіп, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері атанды. Бұған дейін Абиба 2022 жылы Ташкентте де тұғырдың үшінші сатысынан көрінген еді.

Айта кетейік, бүгін жерлесіміз жарысты екінші айналымнан бастаған болатын. Ол алдымен Түркия, сосын Словакия мен Бразилия құрамасының спортшыларынан басым түсті. Ал жартылай финалда моңғолиялық дзюдошы Баасанху Бавудоржға қосымша уақытта (golden score) есе жіберді.

Әлем чемпионатының жеңімпазы олимпиадалық рейтингте – 2 000, күміс жүлдегер – 1 400, ал екі қола жүлдегер 1 000 ұпайдан алады. Абу-Дабидегі додадан кейін рейтинг түзіліп, Парижге баратын спортшылар анықталады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам