Жаңа шығарылым! Қонақта Есен Елеукен ағамыз! EURO-2024

Қазақстандық атақты футзал ойыншысы жаңа қызметке тағайындалды

22.05.2024, 12:39

Ол бұған дейін бапкердің көмекшісі еді

Қазақстандық атақты футзал ойыншысы жаңа қызметке тағайындалды
Қазақстан футбол федерациясы

Бірнеше жыл футзалдан Қарғандының «Тұлпары» мен Алматының «Қайраты» сапында және Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсеткен Дәурен Нұрғожин жаңа қызметке тағайындалды.

Ол енді Қазақстан футзал қауымдастығының бас хатшысы болмақ.  Былтырғы жылы мансабын аяқтаған спортшы былтыр Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикарду Каканың көмекшісі болып тағайындалған еді. Бірақ, биыл жаттықтырушылықтан кетті. Оның орнына тағы бір қарағандылық футзалшы Павел Таку барған болатын.

Нұрғожин – EURO-2016 чемпионатының қола жүлдегері. Ал EURO-2018 және 2021 жылғы әлем чемпионатында төртінші орын алған. Ол – Қарағанды футзалының түлегі. Ел чемпионатында 2007 жылдан бері өнер көрсетті.

Алдымен «Тұлпар-Икар», сосын «Тұлпар» сапында ойнады. Қарағанды командасымен алты мәрте ел біріншілігінің күміс жүлдегері атанған. Бір рет үшінші орын алған. Екі рет Қазақстан кубогында топ жарды. Сонымен қатар, Суперкубокта жеңіске жеткен.

2015 жылы Алматының «Қайратына» ауысты. Содан бері 193 матчқа қатысып, 36 гол соққан. Ал, ұлттық құрамада 75 матчта 18 голдың авторы атанды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам