Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Екатерина Токарева әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуін сәтті бастады

22.05.2024, 12:46

78 келіде татамиге шыққан Аруна Жангелдина болса британдық Эмма Рейдтен жеңіліп қалды

Екатерина Токарева әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуін сәтті бастады
olympic.kz

Дзюдодан Абу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан қыз Екатерина Токарева алғашқы айналымда жеңіске жетті. 

Отандасымыз бірінші белдесуінде Өзбекстан балуаны Гүлноза Матниязованы ұтты. Енді ол келесі белдесуінде Испания өкілі Роустанд Цунадамен шеберлік байқасады. Егер жеңіске жетсе 1/8 финалда Жапония – Нидерланд балуандары жұбының жеңімпазымен ширек финал жолдамасын сарапқа салмақ.

Әлем чемпионатының кешегі сынында әйелдер арасында 63 келіде Есмигүл Куюйылова ғана белдесті. Ол 1/8 финалға дейін жеткенімен, ширек финалға шығар сында Польша балуанынан ауырту әдісімен ұтылып қалды. Кейін құрама бапкері Куюлованы дәрігелер ауруханаға алып кеткенін жазды. Ол белдесу барысында қолынан ауыр жарақаттанған болуы мүмкін.

Сондай-ақ, бүгін 78 келіде татамиге шыққан Аруна Жангелдина ұлыбританиялық Эмма Рейдтен ұтылып, жарысты аяқтады. 

Еске салайық, чемпионаттың бірінші күні Абиба Әбужақынова қола жүлдегер атанды. Ал Елдос Сметов бесінші орынға жайғасса, өзге споршылар жарыстың іріктеу кезеңдерінде сүрініп, жүлдесіз қалды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам