Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

«Ресейде оны бағаламады»: талантты орыс спортшысы енді Қазақстан намысын қорғайды

24.05.2024, 14:30

Ол мәнерлеп сырғанаудан көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы

«Ресейде оны бағаламады»: талантты орыс спортшысы енді Қазақстан намысын қорғайды
Чемпионат

Былтыр ресейлік 16 жастағы мәнерлеп сырғанаушы София Самоделкина Қазақстан азаматтығын алды дегенде қоғамда наразылық туындаған болатын. Кейіннен бұл тақырып аса көп талқына қойған жоқ. Өйткені спортшы Қазақстан атынан жарыстарға әлі қатыспады. 

Ал, Олимпиада чемпионы Наталья Бестемьянова (Ресей) жас спортшыны өз отанында бағалаған жоқ деп отыр.

«Ол басқа мемлекетті таңдауға ниет танытып, шешім қабылдап қойған. Ресей мәнерлеп сырғанау федерациясы азаматтық ауыстыруға кедергі келтірмей мен деп сұрап жатқандар бар. Софья былтыр Қазақстан азаматтығын алған. Сондықтан бұл жерде қандай кедергі келтіру туралы айтамыз? Оның мұзайдынға шықпағанына бір жылдан асты. Ресей оған қандай негізде кедергі келтіре алады? Спортшыны кезінде Ресей чемпионатында үздік алтылыққа кіргенде де ұлттық құрамаға алмаған. Сол үшін Қазақстанға ауысуына бөгет жасау керек пе? Тағы да құрамаға алмай, арманын жүзеге асыруға мүмкіндік бермеу үшін бе? Ол бәрін дұрыс істеп отыр. Софьяны Ресейде ешкім бағаламады. Енді қолынан басқа не келеді? Сондықтан осындай таңдау жасады», - дейді Бестемьянова «Спорт экспресс» басылымына берген сұхбатында.

Самоделкина 2023 жылы Қазақстан азаматтығын алған. Ол қазір 17 жаста. Светлана Соколовскаяның қарамағында жаттыққан. 2021 жылы Словенияда жасөспірімдер арасында өткен Гран-при жарысының күміс жүлдегері, 2002 жылы Ресей біріншілігі күміс жүлдесінің иесі болған.  

2020 жылы Ресей кубогының иегері, 2021 жылы Денис Тен мемориалының жеңімпазы атанған. Басқа да турнирлер мен жарыстарда құрмет тұғырынан көрінген. Ресейдің спорт шебері деген атағы бар.

Былтыр сол кездегі Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов пен Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Үкіметтің кулуарында Ресейдің жасөспірімдер құрамасында өнер көрсеткен мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаның Қазақстан азаматтығын алғанын растаған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам