Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Қазақстан садақшылары Олимпиадасы жолдамасына қол жеткізді

10.11.2023, 17:44

Қазақстан 2022 жылы Олимпиада ойындарына іріктеу жүйесі жаңартылғаннан кейін жолдамаға ие болған алғашқы ел атанды

Қазақстан садақшылары Олимпиадасы жолдамасына қол жеткізді
Фото ашық дереккөзден

Ерлер арасында Қазақстан ұлттық құрамасы садақ атудан Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болды. Бангкокта садақ атудан Азия чемпионатында  олимпиадалық садақ атудан отандастарымыз күміс жүлдегер атанды.

Таиландтағы сында ұлттық құрама сапында Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай мен Александр Еременко өнер көрсетті. Жарыстың бас жүлдесін Оңтүстік Корея спортшылары иеленсе, қола медаль индонезиялықтардың еншісіне жазылды. Қазақстан құрамасы Жапония, Үндістан және Қытайдың Тайбэй құрамаларынан басым түсіп отыр.

Қазақстан 2022 жылы Олимпиада ойындарына іріктеу жүйесі жаңартылғаннан кейін жолдамаға ие болған алғашқы ел атанды. Себебі, құрлық чемпионы атанған Оңтүстік Корея спортшылары бұған дейін Ханчжоудағы Азия ойындарында Олимпиада жолдамасын жеңіп алған болатын.

Ұлттық құраманың мүшелелері 1996 жылдан бері төрт жылдықтың басты бәсекесіне тұрақты қатысып келеді. Өткен Токио Олимпиадасында ерлер құрамасы толық құрамда бақ сынаған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам