Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Моңғолия қазағы бодибилдингтен әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді

10.11.2023, 21:24

Қандасымыз бүгінде Эрдэнэт қаласында тұрады

Моңғолия қазағы бодибилдингтен әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді
Фото ашық дереккөзден

Моңғолияда тұратын этникалық қазақ Еркебұлан Байытұлы Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан бодибилдинг және дене шынықтыру бойынша әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

Power Nutrition тобының спортшысы өзін сахнада бұлшық еттері арқылы дәлелдеп, әлемнің үздіктерінің қатарына еніп отыр. Бүгінде Моңғолияда бодибилдингпен тұрақты айналысып, бапкерлік қызметті қоса атқаратын Еркебұлан Байытұлы көптеген жарыстардың жеңімпазы.

Оңтүстік Кореядағы емен алқабындағы курортта бодибилдинг және дене шынықтыру спортынан 14-ші әлем чемпионатында қазылар алқасы қандасымыздың ерекшелігіне назар аударған.

Этникалық қазақ спортшысы бүгінде Моңғолияның Эрдэнэт қаласында тұрады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам