Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Олар мұнда ешкім емес»: ресейлік бапкер Қазақстан азаматтығын алған спортшы туралы

29.05.2024, 09:47

Әлемдік спорт ұйымдары жаппай Ресейге санкция салғаннан кейін бұл елдің спортшылары 2022 жылдан бері ешқандай халықаралық жарыстарға қатыса алмай келеді

«Олар мұнда ешкім емес»: ресейлік бапкер Қазақстан азаматтығын алған спортшы туралы
РИА Новости

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушылардың жаппай шетел азаматтығын алып жатқанын бұған дейін жазған болатынбыз. КСРО-ға еңбегі сіңген жаттықтырушы Татьяна Тарасова осы жайтқа байланысты ТАСС тілшісіне өз пікірін айтты.

Ресей мәнерлеп сырғанау федерациясы бірнеше спортшыға азаматтығын ауыстыруға рұқсат берген. Олардың арасында Софья Самоделкина да бар. Ол енді Қазақстан атынан жарыстарға қатысады. Сонымен қатар, Алиса Овсянкина мен Аннабель Морозова (мұзда билеу), Екатерина Гейниш пен Дмитрий Чигирев (спорттық жұп) Ресей азаматтығынан бас тартты. Карина Акопова мен Никита Рахманин жұбы және Совья Титова болса Армения азаматтығын алған.

Тарасованың айтуынша, бұл спортшылар Ресейде фавориттер қатарына кірмейді, сондықтан өзге елге кетуіне рұқсат беріліпті.

«Олар қай орында тұр? Олар өздерінің мұнда ешкім екенін біледі, үштікке, тіпті бестікке іліне алмайды. Сондықтан, олар өзі үшін күресіп жатыр, өзге елде бірінші номер болып, Еуропа чемпионаттарына қатысқылары келеді», - деді Тарасова.

Еске салайық, 17 жастағы Софья Самоделкина 2023 жылы Қазақстан азаматтығын алды. 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам