Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Бұрын-соңды болмаған»: гимнастикадан Қазақстан құрамасы Олимпиадаға толық құрамда қатысады

30.05.2024, 09:36

2016 жылы спорттық гимнастикадан, 2020 жылы батутты гимнастикадан жолдамасыз қалдық, ал көркем гимнастика өкілдері 2004 жылдан бері Олимпиада ойындарына үздіксіз қатысып келеді

«Бұрын-соңды болмаған»: гимнастикадан Қазақстан құрамасы Олимпиадаға толық құрамда қатысады
olympic.kz

Париж Олимпиадасында гимнастикадан Қазақстан құрамасы тұңғыш рет толық құрамда қатысады деп жазады Olympic.kz. Атап айтар болсақ, төртжылдық додасына батутты гимнастикадан Данил Мұсабаев, спорттық гимнастикадан Милад Карими мен Нариман Курбанов, көркем гимнастикадан Эльжана Таниева іріктеуден өтті. 

Осы орайда, федерация президенті Әлия Юсупова гимнастардың іріктеу турнирлері мен Азия чемпионатындағы өнеріне жоғары баға берді. Оның айтуынша, Қазақстан гимнастиканың үш түрінен Олимпиадаға тұңғыш рет жолдама алған. 

«Мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған. Гимнастиканың үш түрінен де Олимпиадада сынға түсеміз. Бұл біз үшін үлкен жетістік. 2016 жылы спорттық гимнастикадан, 2020 жылы батутты гимнастикадан жолдамасыз қалдық. Көркем гимнастика өкілдері 2004 жылдан бері Олимпиада ойындарына үздіксіз қатысып келеді. Міне, биыл Эльжана Таниева квота еншіледі», - деді Юсупова.

Әлия Мақсұтқызы Париж Олимпиадасына қатысатын спортшылардың маусым бойы тынымсыз еңбек етіп, физикалық тұрғыдан бөлек, психологиялық жағынан да үлкен сынақтан өткенін айтты.

Спорттық және көркем гимнастикадан лицензиялық Азия чемпионатын Өзбекстан астанасы Ташкент қабылдады. Біздің спортшылар Олимпиада қарсаңындағы тартысты турнирде аянып қалған жоқ. Ташкентте Карими мен Курбанов және Таниева чемпион атанды. 

Сондай-ақ, Әлия Юсупова құрама үздігі Эльжана Таниеваның жолдама алу үшін үлкен психологиялық сынақтан өткенін мәлім етті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам