Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Қазақстан азаматтығын алған шетелдік 126 спортшының 79-ы өз еліне кетіп қалған

30.05.2024, 13:52

Мемлекеттен олардың жағдайын жасауға жүздеген миллион теңге жұмсалған

Қазақстан азаматтығын алған шетелдік 126 спортшының 79-ы өз еліне кетіп қалған
Көрнекі фотосурет: olympic.kz

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан азаматтығын алған шетелдік спортшылардан көп пайда болмаған секілді. Отыз жылдан астам уақытта біздің елдің паспортын алған 126 спортшы болса, соның 79-ы өз еліне қайта кетіп қалыпты. Бұл туралы Антикор жүргізген тергеу-тексеру амалдарынан кейін белгілі болып отыр.

Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Туризм және спорт министрлігімен бірігіп, спорт саласындағы біраз былықтың бетін ашты. Оның қатарында осы шетелдік спортшылардың натурализациясы бар.

«Жоғары жетістіктер спортының бюджеті (340 млрд теңге) бұқаралық спортқа (35 млрд теңге) қарағанда 9 есе артық. Кәсіби спорт саласында ашық емес және субъективті төлемдер үшін жағдайлар жасалған, ал бұқаралық спортта қаражат бөлу рәсімі цифрландырылған, халықтың қажеттіліктеріне байланысты және атаулы сипатта болады. Жоғары жетістіктер спортында шетелдік ойыншылардың натурализация процестері қалыпты жағдайға айналды. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан олимпиадалық спорт түрлеріне 126 шетелдік азаматтарды алды, оның ішінде әрбір екінші ойыншысы (79) Отанына оралды», - делінген Антикор таратқан ресми хабарламада.

Бұған дейін Агенттік «Самұрық Қазына» АҚ-ның спорттық клубтарға соңғы алты жылда 138 млрд теңге жұмсағаны айтылған болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам