Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Балуан Айдос Сұлтанғали Олимпиада жолдамасын 15 жыл күткенін айтты

05.06.2024, 20:51

Ол Париж Олимпиадасына дейін үш оқу-жаттығу жиынынан өтеді

Балуан Айдос Сұлтанғали Олимпиада жолдамасын 15 жыл күткенін айтты
Getty Images

Грек-рим күресінен Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысқалы отырған Айдос Сұлтанғали өзінің күрестегі жолы туралы әңгімеледі. Ол Olympic.kz тілшісіне берген сұхбатында барша спортшының арманына айналған жарысқа қатысуды 15 жылдан бері армандағанын жеткізді.

Биыл 28 жасқа аяқ басқан балуан 2012-2017 жылдары кадеттер, жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында топ жарып, әлем біріншілігінде жүлдеге қол жеткізген еді.

60 келіде күресетін ол ең алғаш рет 2018 жылы әлем чемпионатында жүлде алды. Кейін бұл жетістігін 2022 жылы тағы қайталады.

Ол Токио Олимпиадасына баруды мақсат тұтқан. Алайда, бапкерлер сол уақытта жолдама иеленген Мейрамбек Айнағұловты алып кетті.

«Грек-рим күресінен екінші сыныптан бастап шұғылданып келем. Осы уақыт аралығында тек чемпион болуды, Олимпиадада бақ сынауды мақсат еттім. Иә, түрлі қиындықтар болды. Спорт болған соң, өмір болған соң, бұл заңды да... Шыны керек, осы Олимпиаданы 15 жыл күттім. Қандай қиындық кездессе де, мойығаным жоқ. Өйткені, менің Олимпидаға қатыссам, Олимпиадада топ жарсам деген тәтті арманым бір сәтке де ойымнан шыққан емес. Бәрінің сәті биыл туып, Бішкекте өткен лицензиялық турнирде жеңіске жеттім. Тағы да қайталап айтам, мен түбі Олимпиадаға баратыныма сенгенмін», - дейді Айдос.

Бүгінде әлем біріншілігінің екі дүркін қола жүлдегері атанған балуан 

Олимпиада жолдамасын сәуір айында Бішкекте иеленді.

«Осы жолда менімен бірге келе жатқан ата-анам, отбасым, бапкерлерім мен басқа да жандарға алғыс айтамын. Олардың қолдауы болмаса, осы межеге жетер ме едім?! Қазір Париж Олимпиадасына екі айдан аз уақыт қалды. Біздің дайындығымыз жоғары деңгейде өтуде. Енді Париж додасы басталғанша үш жаттығу жиынына қатысамыз. Бәрі ойдағыдай болса, жанкүйерлерді жеңіспен қуантқым келеді», - деді Айдос Сұлтанғали.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам