Ол ұзақ жылдар бойы Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарып, бүгінде Кеген ауданының әкімі қызметіне тағайындалған.
Маусым айының соңында Бішкекте грек-рим күресінен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегерлері Қанатбек Бегалиев (Қырғызстан) мен Нұрбақыт Теңізбаевтың (Қазақстан) құрметіне грек-рим және еркін күрестен І қырғыз-қазақ халықаралық турнирі өтеді.
Аталған турнир 2010-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында өтпек. Алғаш рет ұйымдастырылғалы отырған жарысты қырғыздар өткізуге ынталы болып отыр. Екі ел арасындағы бауырластықты арттыруға бағытталған жарыс бұдан кейін дәстүрлі түрде өтетін болады.
22 маусымда өтетін сынға екі елдің балуандары қатысады. Ал өзге мемлекеттерден қай елдің құрамасы күресетіні әзірге айтылмады.
Қанатбек Бегалиев – грек-рим күресінен Қырғызстаннан шыққан Олимпиада жүлдесін алған үшінші спортшы. Ол Бейжің Олимпиадасында 66 келіде белдесіп, финалда француз балуанына есе жіберген болатын. Сондай-ақ, 2006 жылы Қытайдың Гуанчжоу қаласында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
Отандасымыз Нұрбақыт Теңізбаев Бейжің ойындарында 60 келіде сынға түсіп, қола жүлдегер атанған. Кейін жартылай финалда ол есе жіберген Әзірбайжан балуанының сынамасынан допинг анықталған соң күміс жүлде қазақ балуанына берілді. Нұрбақыт Теңізбаев ұзақ жылдар бойы Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарып, бүгінде Кеген ауданының әкімі қызметіне тағайындалған.