Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Украина Ресейдің бірнеше спортшысын Олимпиадаға қатысу құқығынан айыруды сұрады

13.06.2024, 09:40

Олар Ресейдің Украина жерінде жргізіп жатқан қанды соғысына қарсылық білдірмеген

Украина Ресейдің бірнеше спортшысын Олимпиадаға қатысу құқығынан айыруды сұрады
krascsp.ru

Украинаның Ұлттық Олимпиада комитеті төрт спортшыны 2024 жылғы Олимпиада ойындарынан шеттетуге шақырды. Бұл туралы ұйымның ресми сайты хабарлайды.

Мұндай өтінішке еркін күрес шебері, ресейлік Динара Кудаеваның әлеуметтік желідегі жазбасы себеп болған. Оның әкесі Украина жерінде Ресей жүргізіп жатқан соғыста қаза тапқан екен. Желіде спортшы әкесін еске алып, оны батыр деп жазған.

Ал, аталған жазбаға тағы екі ресейлік спортшы – Ольга Хорошавцева мен Наталья Малищева қолдау білдіріпті.

Сонымен қатар, Украинаның Ұлттық Олимпиада комитеті былтыр Беларусь президентінің ұлы Виктор Лукашенкомен бірге іс-шараларға қатысқан Ирина Курачкинаны жеке мәртебесінен айыруды талап етті.

ХОК бұл талаптарды қаншалықты қанағаттандыратыны әзірге белгісіз. Онсыз да Ресей мен Беларусь спортшылары Олимпиадаға бейтарап ту астында қатысқалы жатыр. Олар жеңген жағдайда әнұранын да шырқай алмайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам