Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Ардагер спортшы»: 32 жастағы Бозбаев дзюдодан ел чемпионы атанды

14.11.2023, 22:19

Ол Азия ойындарының қола жүлдегері

«Ардагер спортшы»: 32 жастағы Бозбаев дзюдодан ел чемпионы атанды
Фото ашық дереккөзден

Дзюдодан Қазақстан чемпионатында 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 32 жастағы Ислам Бозбаев кезекті рет жеңімпаз атанды. 13 жылдан бері ұлттық құрама қатарында өнер көрсетіп жүрген қарағандылық спортшы финалда атыраулық Әділет Сапарғалиевтен басым түсті.

Ислам Бозбаев дзюдодан Ұлттық құрамадағы ардагер спортшының бірі. Спортшы Лондон және Токио Олимпиадасыларына қатысқанымен жүлдеге іліне алмаған. Ол ең алғаш рет 2010 жылы Гуанджоуда өткен Азия Ойындарында 81 келіде қола жүлдегер (кейін қарсыласы допинг дауына ілінуіне байланысты күміс медаль алды) атанған-тын.

Бертінде -100 келі салмақ дәрежесіне ауысқан спортшы ел ішінде жасындай жарқырағанымен, халықаралық сындарда үздік нәтижелерге қол жеткізе алмады. Қазір спортшы халықаралық рейтингте 45-ші орында тұр.

Ел чемпионатында Ислам Бозбаевтан бөлек аталған салмақта Әділет Сапарғалиев (Атырау облысы) күміс медальға ие болса, қола жүлдегер астаналық Ермахан Естай мен тағы бір атыраулық балуан Бекзат Шағатаевқа бұйырды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам