Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Олимпиадаға жолдама алған Айдос Сұлтанғалиға қызылордалықтар су жаңа көлік мінгізді

14.06.2024, 14:32

Ол Парижде 60 келіде өнер көрсетеді

Олимпиадаға жолдама алған Айдос Сұлтанғалиға қызылордалықтар су жаңа көлік мінгізді
instagram.com/kazwrestling_official/

Олимпиада ойындарына жолдама алған қызылордалық балуан Айдос Сұлтанғалиға жерлестері су жаңа автокөлік мінзді. Бұл туралы Қазақстан күрес федерациясының instagram-парақшасында жазылған.

«Кызылорда облысы грек-рим, еркін және әйелдер күресі Федерациясы Париж Олимпиада ойындарына жолдама алған Айдос Сұлтанғалиға жаңа көлік сыйлады», - деп жазылған аталған хабарламада.

Айдос Олимпиада жолдамасын Бішкекте өткен лицензиялық турнирде жеңіп алды. Грек-рим күресінің балуаны 60 келі салмақта өнер көрсетеді.

Бүгінде Қазақстан спортшылары Олимпиадаға 69 жолдама алған. Оның жетеуі күрес түрлеріне тиесілі. Атап айтқанда, 4 жолдаманы – грек-рим, 3 жолдаманы еркін күрес шеберлері иеленген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам