Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Бес баласы бар». Сметов көпшілікке отбасы мүшелерін көрсетті

18.06.2024, 15:59

Спортшы аяулы жарымен 2017 жылдың көктемінде отау көтерген

«Бес баласы бар». Сметов көпшілікке отбасы мүшелерін көрсетті
instagram.com/yeldos60kg

Париж Олимпиадасында 60 келіде Қазақстан құрамасы сапында күресетін Елдос Сметов бес баласымен түскен суретін жариялады.

Спортшы аяулы жарымен 2017 жылдың көктемінде отау көтерген болатын. Ол бүгінде екі қыз, үш тәрбиелеп отыр. Өткен жылы желтоқсан айында бесінші баласын перзентханадан шығып, азан шақырып ат қойған. Мұсылманға міндет рәсім жасаған белгілі дзюдошы ұлына Абдолла деп ат қойды.

Айта кететін жайт, Елдос Сметов 2011 жылдан бері еліміздің ересектер құрамасында өнер көрсетеді. 32 жасқа аяқ басқан татами шебері 2010 жылы Марокконың Агадир қаласында өткен жастар арасында әлем чемпионатында 55 келіде чемпион атанған. Сондай-ақ, 2011 жылы Оңтүстік Африка Республикасының Кейптаун қаласында 60 келіде болашақ Олимпиада чемпиондары Наохиса Такато, Фабио Базильдермен бір тұғырға көтеріліп, қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

2013 жылы Азия чемпионатында қола жүлдеге қол созса, 2014 жылы Азия ойындарында және 2015 жылы әлем чемпионатында жеңімпаз болды. 2016 жылы Азия чемпион атанған ол Риода өткен олимпиадада финалға шығып, күміс жүлде алды. Сонымен бірге, 2019 және 2022 жылдары әлем чемпионатында қола медальға қол жеткізді. Ал Токио Олимпиадасында үздік үштіктен көрінген еді.

Ал биылғы әлем чемпионатында 5-ші орынға тұрақтады. Сонымен бірге, ол Нұрқанат Серікбаев, Мағжан Шамшадинмен 7 маусым күні өзара сынға түсіп, жауапты белдесуде жеңіске жетті. Осылайша Сметов Париж Олимпиадасында бақ сынайтын болды. Ол қазіргі уақытта әлемдік рейтингте 22-ші орында тұр.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам