Ол Шавкат Рахмоновпен жақсы қарым-қатынаста екенін айтты
Еркін күрес шебері, әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында аралас жекпе-жекке ауысу туралы ойын ортаға салды.
Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш әлем чемпионы UFC-ді қарайтынын, Шавкат Рахмоновпен жақсы қарым-қатынаста екенін айтты. Алайда оның алдағы жоспары бөлек.
«UFC-ді қараймын, қазақстандық жауынгерлерге жанкүйер боламын. Жалпы, ер адамды еркек қылатын спорт түрлерін жақсы көремін. Шавкат ағамызбен араласып жүргеннен кейін, көбісі мені аралас жекпе-жекке ауысады деп ойлайды, бірақ менде ондай ой жоқ. Арасында өзім үшін ғана айналысып жүремін. Алда Олимпиада ойындары бар, қазақ еліне тұңғыш алтын медаль сыйлағым келеді», - деді Айтмұхан.