Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Токио Олимпиадасында чемпион болған даңқты балуан Парижге барудан бас тартты

19.06.2024, 11:02

Ол сондай-ақ, әлемнің үш дүркін чемпионы атанып үлгерген

Токио Олимпиадасында чемпион болған даңқты балуан Парижге барудан бас тартты
UWW

Еркін күрестен 74 келіде Токио Олимпиадасында топ жарған ресейлік Заурбек Сидаков Париж Олимпиадасына қатыспайды. Бұл туралы UFC-де өнер көрсететін тәжік файтері Мұхамед Наимов БАҚ-қа берген сұхбатында атап өтті.

Белгілі спортшы мұндай шешімге келгеніне біраз болған. Алайда, оның маңызды жарыстан бас тартуы жақындарын қатты алаңдатып отырғанға ұқсайды.

«Ол маған Париж Олимпиадасына қатыспайтынын айтты. Бұл өкінішті жағдай. Бүгін ғана телефонмен тілдесу барысында осыны жеткізді. Мен оған осы уақытқа дейін тер төккенін айттым. Ол ауыр жарақат алып, ауыр кезеңнен өтті. Оған қалай қолдау көрсетерімді білмедім. Менің білетінім, Заурбек Париж Олимпиадасынан үмітті еді», - деді Мұхамед Наимов.

Сонымен бірге, ол Сидаковтың UFC-ге ауысатыны туралы сенімді ақпаратты да мәлімдеді.

«Біз бұл туралы сөйлестік. Ол маған Париж Олимпиадасынан кейін ММА-ге ауысатынын айтқан. Менің ойымша, ол сол бағытқа кетеді. Себебі ол UFC-де сынға түскісі келеді. Ол үшін бұл спорт түрі үлкен мотивацияға айналған. Тіпті Генри Сехудоның өзі көмектесетінін жеткізген еді», - деді тәжік файтері.

Әзірге бұған қатысты еркін күрестен Ресей құрамасының бас бапкері мен федерация өкілдері пікір білдірген жоқ.

Заурбек Сидаков 74 келіде Токио Олимпиадасына дейін 2018-2019 жылдары әлем чемпионы атанды. Кейін ұзақ уақыт демалыс алған ол өткен жылы Сербияда өткен әлем чемпионатында топ жарды. Финалда осы салмақтағы ең мықты балуан, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, төрт дүркін әлем чемпионы Кайл Дейкті ұтқан болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам